Басты Жаңалықтар Ақтөбе облысында денсаулық сақтау саласындағы үш жобаға 5,7 млрд теңге бөлінді

Ақтөбе облысында денсаулық сақтау саласындағы үш жобаға 5,7 млрд теңге бөлінді

Президенттің әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында Ақтөбе облысында ауқымды  үш жоба жүзеге асады. Оған 5,7 млрд теңге бөлінді.

Атап айтқанда, облыс орталығындағы Қарғалы тұрғын алабында жедел жәрдем бекеті салынады. Нысанның 10 санитарлық автокөлікке арналған арнайы тұрағы болады. Жаңа қосалқы станса Қарғалыдан бөлек Ақжар, Көктем, Рауан, Қызылжар секілді қала маңындағы елді мекен тұрғындарына жедел қызмет көрсетеді. Сондай-ақ өңірдегі тағы екі медицина мекемесінің мүмкіндігі артады. Соның бірі, Ырғыз аудандық ауруханасысының жанынан ауысымына 300 адам қабылдайтын екі қабатты емхана  салынады. Бұл жобаның құны 1 млрд, 300 млн теңге. Ал, жедел жәрдем бекетін салуға 3 млрд тегңеден аса қаржы жұмсалады.

Ерлан Сұлтангереев, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Бұл кабинеттер санын көбейтіп, пациенттерді қабылдау жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Жаңақоныстағы облыстық психикалық денсаулық орталығы жанынан қосымша ғимарат салу көзделуде. Жоба құны 1,4 млрд теңге.
Бөлісу