Қарағандыда жылу желілерін жаңартып жатыр
Қарағандыда жылу желілерінің 60 пайызы тозған. Соның кесірінен апатты жағдайлар жиі болады. Мәселені шешу үшін биыл 12 шақырымнан астам жылу желісі жаңартылып жатыр. Жалпы, облыс бойынша жылу беру маусымына дайындық қызу. Қазір 45 қазандық пен жылу тарататын 557 автономды нысан жөнделу үстінде.
Өңірде
жылу беру маусымы қазан айының басында басталады. Мамандардың айтуынша, ол үшін облысқа 7 миллион тоннадан астам
көмір қажет. Қазір аймақта 6000-нан аса көпқабатты тұрғын үй мен 1000-нан аса
әлеуметтік нысанның дайындығы тексеріліп жатыр.
Малика Омарова, энергетика және
ТҮКШ басқармасының бас маманы:
Жылыту маусымына дайындық деңгейі 99,6 пайызды құрайды. Жалпы, 602 жергілікті жылу көзінің, оның ішінде 45 қазандық пен 557 автономды жылыту жүйесінің, сондай-ақ 1374 шақырымнан астам инженерлік желінің ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жыл бойғы жөндеу жоспарына сәйкес, 37 қазандық пен 27 турбинаға жөндеу жұмыстары қарастырылған.
Облыстағы
инженерлік жылу желілерінің 60 пайызы тозған. Биыл ұзындығы 12,3 шақырым
болатын құбырларды жаңарту үшін 8 жоба әзірленді. Оның төртеуі ұлттық жобасы
аясында жүзеге асырылып жатыр. Соның бірі – Теміртау қаласындағы жылу
магистралі. Өткен ғасырдың 60-жылдары пайдалануға берілген бұл желі соңғы бес
жылда 38 рет істен шыққан. Қарағанды қаласында да жарты ғасыр бұрын тартылған
екі ірі жылу магистралі жаңартылып жатыр.
Марат Оралбаев, мердігерлік
компанияның техникалық менеджері:
25 қыркүйекке дейін технологиялық жұмыстарды толық аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұған дейін қолданыстағы трассада диаметрі 630 мм болатын құбырлар пайдаланылған. Қазір оның орнына диаметрі 800 мм, 700 мм және ең кішісі 530 мм болатын құбырлар жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде құбырдың өткізу қабілеті де артады.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Пара оқ атудан Әлем чемпионатының жүлдегерлері оралды
14.09.2026, 17:33
Атырауда «Tour de Saraishyq – 2026» велошеруі өтті
14.09.2026, 17:30
Астанада AI фильм фестивалі өтеді
14.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
14.09.2026, 17:20
Созақта уран өндірісіне қажетті мамандарды оқытады
14.09.2026, 17:17
Қазақстандағы тың реформаларды Брюссельде талқылады
14.09.2026, 17:15
Шыңжаңда птерозаврлар мұражайы ашылды
14.09.2026, 17:12
Швециядағы сайлауда солшылдар коалициясы алда келеді
14.09.2026, 17:10