Жамбыл облысындағы күрежолдарды қысқа дайындауда
Жамбыл облысының жолдарында қысқы маусымға дайындық жұмысы қарқын алды. Аймақта алғаш рет қауіпті тау жолы саналатын Күйік асуында апаттық тұйық салынып жатыр. Сондай-ақ көктайғақ кезінде себілетін инертті материалдарды тасымалдауға ондаған техника жұмылды. Дайындық барысын Данияр Әлімқұл көріп келді.
Жамбыл облысы арқылы өтетін басты автожол – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай».
Маңызды дәлізде көлік нөпірі көп. Тәулігіне 30 мың көлік арлы-берлі жүріп
жатыр. Өңір жолдары жазықпен жалғасып, қырдан құлай түскендіктен, қауіпті жол
учаскелері де жоқ емес. Сондықтан автобандағы ақауларды анықтап, жарылған жерлер
шұғыл жамалып жатыр.
Ал Жуалы ауданы теңіз деңгейінен 1200 метр биікте жатқандықтан қысы қатал, қары
қалың. Сондықтан Күйік асуында жол жамаудан бөлек, арнайы апаттық тұйық салынып
жатыр. Жол жиегіндегі жотаның бір бөлігін жару арқылы жасалған тұйықтың
биіктігі 47 метр.
Данияр Әлімқұл, тілші:
Автодәліз асуының ылдиына аймақта алғаш рет апаттық тұйық салынып жатыр. Әсіресе тау жолымен төмен түсетін жүк көліктерінің тежегіші істен шыққан жағдайда техниканы тоқтау үшін қолданылады. Сол үшін мына арнайы жолына асфальт емес, тас шағал төселген.
Сонымен қатар «Шу – Қайнар»
республикалық автожолының 56 шақырымы күрделі жөндеуден өтеді. Бұдан бөлек Жаңа Қордай
асуының қос қапталына қар ұстайтын қалқандар қойылып жатыр. Өйткені жолаушы үшін жолдың сапасы
мен қауіпсіздігі маңызды.
Нұрлан Нұрсейіт, Түркістан облысының тұрғыны:
Өзім күнделікті жүремін осы Жамбыл облысында, әр жерде. Жолдың сапасы жақсы. Қазір жүк көліктері құм, тұз секілді заттарды тасып жатқанын көріп жатырмыз. Енді бізге көліктеріміздің таймағаны керек.
Иә, өңірде қазірдің өзінде қыста жолға себілетін қоспаларды жинақтау жұмысы
қызды. Жоспар
бойынша құм 7 мың, тұз 11 мың тонна болу тиіс. 40 мың текше метр шағал қорын да
қазанның соңына дейін қамдамақ.
Еламан Тұрсынбек, «ҚазАвтоЖол» ҰК
АҚ Жамбыл облыстық филиалының бас
маманы:
Қазіргі уақытта облыс аумағында 11 өндірістік база және 9 жылыту пункті толығымен дайындалып, қызмет көрсетуге дайын. 23-24%-ға жақындадық. Тиімді және сапалы жұмыс атқаруға ұмтылып жатырмыз, бұрынғыдан да. Техниканың бәрі дайын.
Жалпы, өңірде қысқы кезеңде жол бойына 200 адам мен 106 техника жұмылдыру
жоспарда. Айта кетейік, аймақтағы республикалық автомобиль жолдарының жалпы
ұзындығы 1 225 шақырым. Ал қанағаттанарлық деңгейі 96%-ды құрайды.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Пара оқ атудан Әлем чемпионатының жүлдегерлері оралды
14.09.2026, 17:33
Атырауда «Tour de Saraishyq – 2026» велошеруі өтті
14.09.2026, 17:30
Астанада AI фильм фестивалі өтеді
14.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
14.09.2026, 17:20
Созақта уран өндірісіне қажетті мамандарды оқытады
14.09.2026, 17:17
Қазақстандағы тың реформаларды Брюссельде талқылады
14.09.2026, 17:15
Шыңжаңда птерозаврлар мұражайы ашылды
14.09.2026, 17:12
Швециядағы сайлауда солшылдар коалициясы алда келеді
14.09.2026, 17:10