Юлия Галышева: Іріктеу кезеңінде сәл қателік жібердім - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Юлия Галышева: Іріктеу кезеңінде сәл қателік жібердім

07.02.2014
Юлия Галышева: Іріктеу кезеңінде сәл қателік жібердім
Могулден Олимпиадалық турнирдің ақтық сынына жолдама алған қазақстандық спортшы Юлия Галышева іріктеу кезеңіндегі көрсеткен нәтижесін бағалады.  
 
«Он ұпайлық  көрсеткішпен есептейтін болсақ, мен бүгінгі жарыс нәтижесін жеті ұпайға бағалаймын. Өйткені, сәл қателіктер болды. Маған жарыс жолы ұнайды», - дейді Юлия Галышева.
 
Спортшы финалдық кезеңде өзінің бағдарламасын өзгертпейді. Ақтық кезеңдегі басты қарсыластары – Олимпиада чемпионы Ханна Кирни мен канадалық апалы-сіңлілі Лапуандар.
 
Сонымен қатар, Юлия Галышева бүгін Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады.
 
Естеріңізге сала кетейік, могулден іріктеу турнирінде Юлия Галышева алтыншы орынға ие болып, 8 ақпан күні өтетін финалға жолдама алған еді.  Тағы бір қазақстандық спортшы  Дарья Рыбалова ақтық бәсекеге өту үшін екінші іріктеу кезеңіне қатысады.

Хабарламаларға жазылу