Қазақстандық теннисшілер US Open турнирінде бақ сынайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық теннисшілер US Open турнирінде бақ сынайды

19.08.2014
Қазақстандық теннисшілер US Open турнирінде бақ сынайды

Қазақстандық екі теннисші АҚШ ашық чемпионатындағы US Open турнирінің негізгі кезеңіне өтуге тырысады.

Әйелдер арасындағы жекелей сында Юлия Путинцева мен Сесиль Каратанчева іріктеу кезеңінде бақ сынайтын болды. Юлия әлемдік рейтингте 129-шы орында болса, Сесиль 177-ші сатыда.

Алғашқы айналымда Сесиль Каратанчева корт иесі Мелани Оудинмен сынға түседі. Ал, Юлия Путинцева парагвайлық Монсеррат Гонсалеспен кездеседі.

Ерлер бәсекесінің іріктеу кезеңіне біздің теннисшілер қатыспайды. US Open турнирінің негізгі кезеңі 25-ші тамызда басталады.

Хабарламаларға жазылу