Ел жаңалықтарына шолу
eCov порталында жаңа сервис іске қосылды
eCov порталында жаңа сервис іске қосылды. Енді азамат ауруханаға түссе, портал бұл туралы оның жақындарына хабарлама жібереді. Жүйе адам апаттан кейін немесе хабарласа алмайтын өзге де жағдайларда көмек береді. Ол үшін алдын ала «Ауруханаға түскен жағдайда хабарлау» сервисіне кіріп, тіркелу керек.
124 теміржол вокзалы жаңартылды
Елде 100-ден астам теміржол вокзалы жаңартылды. Бірқатар
нысанның аумағы кеңейтіліп, демалуға арналған орындар жаңадан орнатылды. Шатыр
мен қасбеттен бастап кәріз, су, жылу және электрмен жабдықтау жүйелері
ауыстырылды.
Қазақстандық 7 шахматшы FIDE рейтингіне енді
Қазақстандық шахматшылар дүниежүзілік тізімге енді. Фиде рейтингіне бірден жеті отандасымыз үздік спортшылардың қатарын толықтырды. Бибісара Асаубаева 2536 ұпай жинап, бесінші орынға тұрақтады. Алуа Нұрман 22, Меруерт Камалиденова 37 орынға жайғасты. Ал Ксения Балабаева бір айдың ішінде 59 ұпай қосып, 58-орынға көтерілді. Үздік гроссмейстерлердің қатарында Лия Құрманғалиева, Әмина Қайырбекова және Елназ Қалиахмет те бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы