Депозитте ₸20 млн-нан артық сақтауға болмайды
Қазақстанда базалық банктік лицензиясы бар банктердегі депозиттерге жаңа талап енгізілді. Оған сәйкес бір адамның депозиттері мен банк шоттарындағы ақшасының жалпы көлемі 20 миллион теңгеден аспауы керек. Ал басқа теңгелік депозиттер мен шоттар үшін шек – 10 миллион теңге. Шетел валютасындағы депозиттер мен шоттарда 5 миллион теңгеден артық қаржы ұстауға болмайды. Егер азамат бір банкте бірнеше депозит ашса, қаражат әр шот бойынша бөлек қаралмайды. Барлығы қосылып есептеледі. Бұл талап Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 25 тамыздағы қаулысымен бекітілген. Сонымен қатар базалық лицензиясы бар банктердің жалпы активіне де шектеу қойылды. Оның көлемі 500 миллиард теңгеден аспауы тиіс.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Дарбаза-Мақтаарал» теміржол құрылысы қарқын алды
03.09.2026, 20:36
Бүгін – Қазақы тазы күні
03.09.2026, 20:33
Үшінші жел электр станциясының құрылысы басталады
03.09.2026, 20:09
ДДСҰ Эболаның көрші елдерге таралу қаупі туралы ескертті
03.09.2026, 20:07
Жол ережесін жиі бұзатындарға жаза қатаңдатылды
03.09.2026, 20:06
Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады
03.09.2026, 20:05
Үкімет құрамы толық жасақталды
03.09.2026, 20:05
Қазақстанда Эбола вирусының таралу қаупі төмен
03.09.2026, 20:04