Басты Жаңалықтар Жол ережесін жиі бұзатындарға жаза қатаңдатылды

Жол ережесін жиі бұзатындарға жаза қатаңдатылды

Жол ережесін жиі бұзатындарға жаза қатаңдатылды. Енді жүргізушілер бұрынғыдай айыппұлмен шектелмей, куәлігінен айырылуы мүмкін. Жуырда ғана күшіне енген ережелердің көлік сататындарға да қатысы бар.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Жаңа иесінің атына рәсімделмеген көлікті сатуға болмайды. Жүргізуші куәлігінен айырылуыңыз мүмкін! Қазір сақтандыру полисіне аты-жөнін тіркей салып, көлік сататындар бар. Түрлі платформаларда мұндай жарнамалар самсап тұр. Әрине бағасы басқаларына қарағанда арзан. Бұл қандай көліктерАлғашқысы кезінде елімізге «конструктор» ретінде кіргізіліп, «мәңгілік» тіркеуге тұрғызылғандар. Оларды басқа біреудің атына қайта рәсімдеу мүмкін емес. Екіншісі - жеңілдік арқылы 5 жылдық есепке тұрғызылғандар. Айтпақшы, келер жылы олардың елде жүру уақыты аяқталады. Бірақ мұндай көліктердің басым бөлігі қолдан-қолға өтіп кеткелі біраз уақыт болды. Сосын банкте, ломбардтарда кепілде тұрған көлікті сататындар бар. Мұндай сауданың несі қауіпті? Камера арқылы салынатын айыппұлдардың барлығы техникалық паспортта аты-жөні жазылып тұрған адамға келеді. Бұған дейін жаңа иесіне түбіртегін жіберіп, айыппұлды төлетіп мәселені жеңіл шешуге болатын. Ал қазір айыппұлын төлеткенмен, ол ережені жиі бұзса, сізді қайта емтихан тапсыруға шақырады. Егер уақытылы тапсырмасаңыз, жүргізуші куәлігіңізден айырыласыз. Бұл - көлікпен жүретін барлық жүргізушілерге қатысты жол ережесі.
Бөлісу