Көшпенділер ойындары: Қоржында 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы алғашқы жүлделер қоржынға түсті. 152 отандасымыз жалпы саны 42 спорт түрінде бақ сынап жатыр. Бүгін аударыспақ шеберлері 3-салмақ дәрежесінің барлығында жүлде иеленді. Қырчын аймағында өткен таяқ тартыста да 90 келіде Нұрсұлтан Есімбай қола жүлдегер атанды. Қырғызстанға арнайы барған әріптесім Азат Қадырбек бізбен байланысқа шықты.
Азат Қадырбек, тілші:
Бүгін ат үстіндегі күресте 3 салмақ дәрежесінде жүлделер жиынтығы сарапқа салынды. Жарыс қарсаңында Ұлттық құраманың бас бапкері жігіттер жеңіс үшін барын салады деген еді. Жігіттер сөзінде тұрды. 3 салмақтың үшеуінде де отандастарымыз финалға шықты. Сары құрлық өкілдері бұл бәсекеде өзгелерден бір саты жоғары болды. Бір қызығы - үш бірдей финалда қазақстандық-қырғызстандық дербидің куәсі болдық. 1 салмақта жарыс иелері жеңіске жетсе, қалған қос салмақта Нұрталап Кәрім мен Мұхаммеджан Сайлау қарсылас шыдатпады. Айтпақшы, Мұхаммеджанның 3-ағасы да ат спортын серік еткен.
Азат Қадырбек, тілші:
Бүгін көкпарда «А» тобының өкілдері алғашқы ұпайларды сарапқа салып жатыр. Қырғызстан Моңғолияны 12:1, Ресей құрамасы Мажарстаннан 11:1 есебімен басым түссе, Өзбекстан Ауғанстан кездесуінде 4:1 есебі тіркелді. Қазақстанның көкпар және көкбөрі құрамалары «Б» тобында, демек ертең жарыс жолына шығады.
Автор
Азат Қыдырбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмолалық шаруалар «Starlink»-ке қосылып жатыр
29.10.2026, 13:15
Түркістан облысында мақта өңдейтін 2 зауыт іске қосылған
29.10.2026, 13:14
Сарапшы: Экономикалық әлеует артады
29.10.2026, 13:12
Транскаспий дәлізін дамыту – стратегиялық қадам
29.10.2026, 13:10
Теміржол апатынан қаза тапқандар 68-ге жетті
29.10.2026, 13:08
Президенттік сайлауда жеңілген Болсонару отбасымен АҚШ-қа кетіп қалды
29.10.2026, 13:07
Қазақстан Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорына өтінім жолдады
29.10.2026, 13:05
Логистикалық инфрақұрылым – экономиканың қозғаушы күші
29.10.2026, 13:03