«Ұмай» ипотекалық бағдарламасына өтінім беру басталды
Бүгін елімізде әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталды. Өтінімдерді «Отбасы банкі» қабылдайды. Бағдарламаның басты артықшылыңы – бастапқы жарнаның төмен болуы және басқа баспананың бар-жоғына шектеу қойылмауы.
Сонымен қатар қыз-келіншектер үйді Қазақстанның кез келген қаласынан, тіркеу мекен-жайына қарамастан, сатып ала алады. Несие 25 жылға дейін беріледі. Сыйақы мөлшерлемесі 14,8 пайыз, ал максималды қарыз сомасы 50 миллион теңге. Отбасының жиынтық табысы 1 миллион 250 мың теңгеден аспауы тиіс.
Пәтерді бастапқы және қайталама нарықтан сатып алуға болады. Бағдарламаны қаржыландыруға Азия даму банкі қаражат бөледі. «Ұмайға» өтінімді банк бөлімшесіне барып немесе онлайн беруге болады. Ол үшін «Отбасы банктің» сайтындағы бейнеқызмет көрсету сервисін немесе Baspana Market-тегі жеке кабинетті пайдалануға болады. Айта кетейік, «Ұмай» бағдарламасы іске қосылғаннан бері 4 мыңға жуық қыз-келіншек баспаналы болды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы