Шымкент ауруханаларында агрессияны ЖИ анықтайды
Шымкенттің ауруханаларында агрессияны енді жасанды интеллект анықтайды. Елде алғаш рет қабылдау бөлімдеріне ақылды бейнебақылау жүйесі енгізілді. Камералар күдікті әрекет пен қауіпті заттарды танып, ақпаратты полицияның жедел басқару орталығына жібереді. Жаңа цифрлық шешім жайлы Ернұр Уәлихан тарқатады.
Бірінші қалалық аурухананың қабылдау бөліміне тәулігіне 300-ге жуық адам
келеді. Бірі
шұғыл көмек күтсе, енді бірі жақынының жағдайына алаңдап жетеді. Осындай
қарбалас сәтте эмоцияға беріліп, медицина қызметкерлеріне дауыс көтеріп, күш
көрсететіндер де бар. Енді мұндай әрекетті ЖИ анықтайды.
Алмаз Байбеков, қабылдау бөлімінің меңгерушісі:
Экстренная служба болғасын әртүрлі жағдай болады. Эмоциямен, өз-өзін ұстай алмайтын, қауіпті жағдайлар болады. Бірақ агрессия басылады, себебі ол біледі уже, камерасы бар, обязательно көріледі, сұрауы болады деген сөз.
Қабылдау бөлімдеріндегі жаңа жүйе қауіптің алғашқы белгілерін де байқайды.
Жасанды интеллект кадрдағы жағдайды нақты уақытта талдап, күмәнді әрекетті
анықтайды. Агрессия байқалса, жүйе полицияның жедел басқару орталығына бірден
сигнал жібереді.
Айдос Өмірәлі, «Қазақтелеком» АҚ Өңірлік жобаларды басқару жөніндегі аға
менеджері:
ЖИ-мен қамтылған, өзінің аналитикасы бар. Қабылдау бөліміне келген бөгде адамдарды, розыскта жүрген, суық қарумен жүрген адамдарды, бөгде заттарды қойып кету: бомбасы бар сумка қойып кететін жағдайлар болса оны уже камера анықтайды.
Жасанды интеллект негізіндегі цифрлық шешімдер жедел жәрдем қызметіне де
енгізілді. Енді фельдшерлер шақыртуға арнайы видеожетондармен
шығады. Құрылғы бейнені диспетчерлік орталыққа тікелей жеткізіп, қауіп төнсе
дабыл береді. Бұл медициналық көмектің сапасын бағалауға да жол ашады.
Алмат
Мырзабек, фельдшер:
Қойылғаннан кейін жұмыс сапасы жақсарып, науқастар бізді видеожетонмен көрген кезде сыпайы, көркем күйде қарсы алады.
Болат
Бердібеков, қалалық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:
Агрессиялық жағдай я болмаса, айқай-шу, ырың-жырың басталар алдында монитордағы операторға ескерту беріледі. Соған орай олар тез қажет ететін көмекті көрсетеді.
Тәулігіне 2 мыңнан астам шақыртуға шығатын жедел жәрдем бригадалары
смарт-видеожетондармен толық жабдықталған. Ал ақылды бейнебақылау жүйесі қазір
9 қабылдау бөлімінде жұмыс істеп тұр. Жыл соңына дейін оны
шаһардағы барлық ауруханаға орнату жоспарланған.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұстаз: Ұлт тәрбиесіне мән беріліп, ұлттық құндылықтардың дәріптеліп жатқанына зор қуаныштымын
27.08.2026, 20:23
Қарағанды облысында заманауи жедел басқару орталығы ашылды
27.08.2026, 20:17
Түркістан облысының Келес ауданында экоакция өтті
27.08.2026, 17:33
Қарағанды облысында 22 мыңнан аса кенші еңбек етеді
27.08.2026, 17:30
Қостанай өңірінде үш жылда 9 мектеп салынған
27.08.2026, 17:25
Қарағанды облысында тұрмыстық тауар өндірушілер көбейді
27.08.2026, 17:22
ШҚО бюджеттік мекемелері қысқа дайын
27.08.2026, 17:20
Ел жаңалықтарына шолу
27.08.2026, 17:17