Декларация тапсыру мерзімі аяқталайын деп қалды
Декларация тапсыру мерзімінің аяқталуына аз қалды. 15 қыркүйекке дейін жеке мүлкі мен табысы туралы деректерді ұсынып үлгермегендер жауапкершілікке тартылады. Міндетті декларацияны биыл мемлекеттік қызметшілер, шетелде мүлкі барлар, кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары тапсыруы тиіс. Ол үшін тұрғылықты мекенжайыңызға қарайтын салық мекемесіне баруға болады немесе үйден шықпай-ақ egov.kz порталы немесе E-saluq azamat қосымшасына кіріп, сұрақтарға жауап бересіз. Үлгермегендер ескерту алады. Оны елемесе, 15 айлық есептік көрсеткіш, яғни шамамен 65 мың теңге көлемінде айыппұл арқалайды. Былтыр 245 адам жалпы 5 жарым миллиондай төлеген.
Айдана Такенова, МКК Жұртшылықпен байланыс хатшылық басқармасының бас сарапшысы:
Осы декларация 2025 жыл үшін ұсынылатынын ескере отырып, қаралып отырған мәселелердің құқықтық реттеуі 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болған Салық кодексінің нормалары бойынша жүзеге асырылады.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Чемпион» атты жаңа телехикая көрерменге жол тартады
29.10.2026, 10:11
Диалог алаңы: 120 мектептің мұғалімдері әсер қалдырған кітаптарымен бөлісті
29.10.2026, 10:10
Робототехника және STEM чемпионаты өтті
29.10.2026, 10:08
Конституциялық реформа әлеуметтің әлеуетін арттырады
29.10.2026, 10:06
Тұрғындар пікірі: Жолдауда ел дамуының жаңа бағыттары айқындалды
29.10.2026, 10:05
Инфрақұрылымды жаңғырту – ел дамуының жаңа белесі
29.10.2026, 10:04
Үкіметте әр министрлік жолдау тапсырмаларын орындау жоспарын ұсынды
29.10.2026, 10:03
Қазақстан қоғамдық қауіпсіздік деңгейі бойынша әлемдегі үздік 50 елдің қатарына енді
29.10.2026, 10:02