Шымкентте 18 мыңдай шетелдікке жұмыс істеуге рұқсат берді
Шымкентте шетелдік жұмыс күшіне сұраныс жоғары. Жыл басынан бері шетелдіктерді еңбекке тартуға 32 мыңнан астам өтініш түсіп, 18 мыңға жуығына оң шешім шыққан. Бұдан бөлек 2 700-ден астам шетелдіктің жұмыс істеу мерзімі ұзартылған. Рұқсат алғандардың басым бөлігі құрылыс саласында еңбек етеді. Олардың арасында Өзбекстан азаматтары көш бастап тұр. Ал Қытай, Үндістан және Түркиядан келген білікті мамандар шаһардағы ірі кәсіпорындарда жұмыс істеп жүр.
Дамира Ешенқұлова, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының
бөлім басшысы:
1 айдан 12 айға дейін жұмыс күші көрсетіледі. Жұмыстың сұранысына сәйкес 2-3 айға. Сол 3 ай біткен соң сұранысы бойынша созады. Талаптар бойынша олардың жоғары білімі, біліктілігі болу керек. Жеке жұмыс тартатындарға біліктілік талап қойылмайды.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алан туралы аңыз» анимациялық фильмі шықты
23.10.2026, 13:15
Отандық тамақ өнеркәсібінде оң серпін бар
23.10.2026, 13:12
Мұнай-газ саласында жаңа жұмыс орындары ашылады
23.10.2026, 13:10
Жастарды қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыты
23.10.2026, 13:08
Бельгиядағы қазақстандық студенттер тың бастама ұсынды
23.10.2026, 13:05
Қыста елорда тазалығына 1500 адам жұмылдырылады
23.10.2026, 13:02
Елде 280 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді
23.10.2026, 13:00
Елордада «Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25