Басты Жаңалықтар Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан президенттері сайлаудың сәтті өтуімен құттықтады

Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан президенттері сайлаудың сәтті өтуімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан Президенттері Құрылтай сайлауын сәтті өткізуімен құттықтады.

Садыр Жапаров, Қырғызстан Республикасының Президенті:

Азаматтардың еркін таңдауына негізделген Құрылтай Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтып, құқықтық және қоғамдық-саяси институттарды жетілдіруге, сондай-ақ елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосатынына сенімдімін. Сіздің басшылығыңызбен жүзеге асырылып жатқан жүйелі реформалар елдің ұзақ мерзімді мүддесіне сай келіп, халықтың әл-ауқатын арттыруға және мемлекеттің одан әрі өркендеуіне бағытталғанын атап өткім келеді. Қырғыз-қазақ стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы екі ел халықтарының игілігі үшін, сондай-ақ бүкіл Орталық Азиядағы бейбітшілік, тұрақтылық пен дамуға үлес қоса отырып, одан әрі нығая беретініне сенемін.

Ильхам Әлиев, Әзербайжан Республикасының Президенті:

Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі жаңа тарихи кезеңнің басталуын білдіретін бұл маңызды оқиға еліңіздің жан-жақты дамуына, Сіз жүзеге асырып жатқан ауқымды реформалардың жалғасуына және алдағы міндеттердің орындалуына қызмет ететініне сенімдімін. Құрылтай жұмысына табыс тілеймін.

Сондай-ақ, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев те Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдап, халықаралық стандарттар мен демократиялық қағидаттарға сай елдің жаңарған Парламенті – Құрылтайға байланысты өткен сайлаудың сәтті ұйымдастырылғанын атап өтті. Шын жүректен құттықтайтынын жеткізді. Өзбекстан басшысы бұл тарихи оқиға Қазақстанның саяси жүйесін жетілдірудің, мемлекеттік басқару тиімділігін арттырудың және Парламенттің рөлін айтарлықтай күшейтудің жаңа кезеңі басталғанын көрсетеді деді.


Бөлісу