Ресейдегі бес сайлау учаскесінде қазақстандықтар дауыс берді
Мәскеуде де дауыс беру процесі жалғасып жатыр. Санкт-Петербург, Қазан, Омбы және Астрахань қалаларындағы сайлау учаскелері дауыс берушілерге барлық жағдайды жасап отыр. Бүгін ел болашағы үшін өз конституциялық құқығын пайдаланғандардың арасында жастар белсенді. Толығырақ Индира Бегайдар.
Индира Бегайдар, тілші:
Бұл - Ресей астанасынан 125 шақырым жерде орналасқан Дубна қаласынан келген автобус. Қазақстандық жас ғалымдар таңғы бесте тұрып, Мәскеудегі сайлау учаскесіне дауыс беруге асықты. Өйткені бүгін еліміз үшін шешуші кезең. Бүгінгі күні президенттің арқасында Қазақстанның әлемдік аренада абырой-беделі нығайды. Ал саяси реформалар елге оң өзгеріс әкелетініне жастар сенімді.
Дихан Теміртайұлы, Ресей ТЖМ азаматтық қорғау академиясының курсанты:
Президентіміздің жүзеге асырып жатқан реформалары біз үшін өте маңызды. Біз мемлекеттің атынан оқып жатырмыз және барлығы тегін. Мен өзім бірге оқитын балалармен таңдауымызды беруге келдік. Біздің ойымызша, бұл Қазақстанның болашағына да маңызды.
Жергілікті уақыт бойынша таңғы жетіден бастап ұзын-сонар кезек. Мәскеудегі халықаралық ұйымдардың қазақстандық қызметкерлері, студенттер, жас ғалымдар бүгін өз конституциялық құқығын пайдаланды. Таңмен таласа бала-шағасымен келгендер де көп. Кей отандастарымыз бұл күні ертегі кейіпкерлерінің киімін киіп келіпті. Дауыс беру процесін бақылаған байқаушылар да учаскеде сайлау халықаралық талаптарға сай өтіп жатқанын тілге тиек етті.
Алексей Третьяков, халықаралық байқаушы:
Бүгін қазақстандықтардың жоғары белсенділіігін көрдім. Сайлау учаскесіндегі комиссияның жұмысына ды сын жоқ. Барлығы заңнамаға сай ұйымдастырылған. Заң бұзушылық тіркелген жоқ.
Мәскеудегі нөмірі 429 сайлау учаскесінде ақ дастархан жайылды. Алғашқы болып дауыс бергендерге сыйлық берілді. Мәскеудегі дауыс беру процесі жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00 де аяқталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы