Басты Жаңалықтар Еуропада дауыс берген қазақстандықтардың белсенділігі жоғары

Еуропада дауыс берген қазақстандықтардың белсенділігі жоғары

Еуропа елдеріндегі сайлау учаскелері 2-3 сағаттан кейін жабылады. Соңғы сағаттарда қандастарымыз өзінің Конституциялық құқын пайдалануға асығуда.

Мажарстандағы фольклорлық фестивальға барған қазақстандық қолөнершілер еліміздің осы мемлекеттегі елшілігінде орналасқан №407-сайлау учаскесінде дауыс берді. Будапешттегі сайлауға қатысуға тіркелген 264  адамның дені түс ауғанша азаматтық борышын өтеп үлгерген.

Римде орналасқан Қазақстан елшілігінде де жастар белсенді дауыс беріп жатыр. Милан қаласының жоғарғы оқу орындарында оқитын жастар Римге келе алмайтын болғандықтан сайлау комиссиясының мүшелері жылжымалы жәшіктерді алып, Миланда көшпелі сайлау ұйымдастырды.

Финляндияда оқу, жұмыс бабымен тұрып жатқан қазақстандықтар да саяси науқанға асқан жауапкершілікпен қатысты. Осы жаққа уақытша қоныс аударған қазақстандық өзге ұлт өкілдері де Президент Қ. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жасалып жатқан реформалардың жүзеге асуы үшін дауыс бергендерін айтады.

Роман Воронен, Қазақстан азаматы:

Дауыс беру мен үшін өте маңызды оқиға. Отаным Қазақстанда туып, өстім, оқыдым. Ең бақытты күндерім сонда өтті. Сондықтан елімде болып жатқан тың өзгерістерге қуанып, сайлауда азаматтық борышымды өтедім.
Бөлісу