Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
Бір палаталы Парламент әлемдік тәжірибеде кеңінен тараған. Елдердің шамамен 60%-ы осы жүйемен жұмыс істейді. Енді Қазақстан да осы қатарға қосылмақ. Заң шығару жүйесі – мемлекеттің тарихи тәжірибесімен, саяси мәдениетімен бірге үздіксіз өзгеріп отыратын күрделі механизм. Сондықан қоғам дамыған сайын, институттардың да жаңарып тұруы заңдылық.
Әлемге көз салсақ, қос палата көбіне федеративті мемлекеттерге тән. Себебі мұндай елдерде әр өңірдің мүддесін қорғау керек. Мәселен, АҚШ-та штаттардың Сенатта тең өкілдігі бар. Ал Қазақстан сынды унитарлы мемлекеттерде жағдай басқаша.
Индира Рыстина, саясаттанушы:
Барлығы заң жобалар елімізге барлық өңірлерге тең. Бізде бөлек бір өңірдің ерекше заң жобасы жүретін өңірлер жоқ. Біз барлық өңірлер де 20 аймақтың барлығы да бірге ҚР конституциясына және заңдарына сәйкес өмір сүреді. Сондықтан бұл тұста мысалы федеративті мемлекеттердегідей өңірлердің тікелей. Міндетті түрдегі өкілдіктерінің қажеті жоқ.
Жаһан жұртының жартысынан көбі осы жүйеге көшкен. Еуропалық одақ құрамындағы 27 елдің 15-і бір палаталы. Атап айтқанда, Балтық елдері: Эстония, Латвия, Литва, сондай-ақ Венгрия, Португалия, Швеция сынды мемлекеттерде заң шығарушы орган жалғыз.
Альберто Тюркстра, «Дипломатиялық әлем» басылымының жоба жетекшісі, орталық азия бойынша тәуелсіз сарапшы:
Бұл бетбұрыс Қазақстанның заманауи және тиімді заң шығарушы орган құруына септігін тигізеді деп ойлаймын.Бақытты елдердің көшін бастаған Скандинавия мемлекеттерінде де бір палаталы Парламент тиімділікті арттырды, мемлекеттік шығындарды азайтты. Бельгия үкіметі де 2029 жылға қарай сенатты қысқартып, 40 млн еуро үнемдеуді ойластырып жатыр. Геосаяси жағдай, экономикалық ахуал ушыққан кезде Қазақстанның осындай бастама көтеруі құптарлық шешім.
Антонио Бускардини, Брюссель баспасөз клубының президенті, «travel tomorrow» медиа порталының жетекшісі:
Қазақстан 1995 жылы демократияға көшуді қолдайтын орган ретінде Сенатты құрған болатын. Ал қазіргі таңда Сенатты ұстаудың қажеті жоқ сияқты. Бірпалаталы жүйеге көшу – саяси партиялардың көбірек билікке ие болуына, субсидиарлық қағиданы қатайтуға сеп болмақ. Осылайша, ел азаматтарының қоғамдағы оқиғаларға әсер ету мүмкіндігі күшейеді.
Ернұр Медет, тілші:
Жыл сайын парламентте шамамен 100-ге жуық заң қабылданады. Осы уақытқа дейін Мәжіліс пен Сенат мемлекет бар салмақты өздері көтеріп келді. Енді сол жүк Құрылтайдың иығына артылмақ. Заңның сөзі мен елдің сенімі тоғысатын жаңа мінбердің алдындағы жауапкершілік те орасан. Себебі әр шешімнің артында миллиондардың мүддесі, ұлттың ертеңі тұр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы