Онлайн марафон: «Цифрлы Қазақстан» ток-шоуы басталды
Таңғы сағат 9-да басталған Құрылтай сайлауына орай ұйымдастырылған 16 сағаттық жалпыұлттық онлайн-марафон жалғасып жатыр. Марафон барысында түрлі өзекті тақырыптар талқыланды. Әріптесім осы пікірталас алаңынан байланысқа шықты. Айнұр, дәл қазір марафон аясында қандай мәселелер көтеріледі?
Айнұр Маратқызы, тілші:
Дәл қазір, марафонның 11- сағатында, Орталық коммуникациялар қызметінің арнайы брифингі өтті. Брифингке Норвегия мен Польшадан келген белгілі халықаралық сарапшылар қатысты.Олар Қазақстандағы қоғамдық-саяси өзгерістерге, елдің даму үдерістеріне және Орталық Азиядағы қазіргі ахуалға байланысты пікірлерін орта салды. Айта кетейік, бүгінгі марафон бағдарламасы аясында Қазақстанның ішкі дамуымен қатар, еліміздің халықаралық деңгейдегі орны мен Орталық Азиядағы үдерістер де талқыланды. Ал брифингтен кейін, міне дәл қазір марафонның тікелей эфирінде «Цифрлы Қазақстан» тақырыбындағы ток-шоу басталды. Маңызды тақырыптардың бірі – Қазақстанның цифрлық трансформациясы жайлы сөз болады. Ашық пікірталас барысында еліміздің цифрландыру саласындағы бүгінгі деңгейі мен алдағы даму кезеңі талқыланады. Басты назарда цифрландырудан жасанды интеллектке негізделген жаңа экономикаға өту мәселесі. Қазақстан бұл жаңа кезеңге қаншалықты дайын? Бұл сұраққа сарапшылар алдағы пікірталаста жауап береді.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Су үнемдеу технологияларына субсидия көлемі артты
30.10.2026, 13:15
7 жылда 3,6 млн жұмыс орны ашылды
30.10.2026, 13:13
Конституция елдің саяси және құқықтық жүйесін жаңартты
30.10.2026, 13:10
Сарапшы: Жолдау мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттырады
30.10.2026, 13:07
Жол инфрақұрылымын дамыту – ел дамуының кепілі
30.10.2026, 13:05
Заңгерлер Жолдауды талқылады
30.10.2026, 13:03
Жаппай улану: Ішек таяқшасы мен стафилококк анықталған
30.10.2026, 13:02
Жер қойнауын пайдаланушылар ₸1,2 млрд салық төлемеген
30.10.2026, 13:00