Таңдау жасауға тең мүмкіндік
Солтүстік Қазақстан облысында 543 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Таңғы 7-ден бері тұрғындар өз таңдауын жасап жатыр. Теріскейдегі тілшіміз Эльмира Кәленова студиямен тікелей байланыста. Эльмира, саяси науқан барысы жайында айтып берсеңіз?
Эльмира Кәленова, тілші:
Қайырлы күн, Алла. Солтүстіқ Қазақстан облысында 500 мыңнан астам адам тіркелген. Оның 365 мыңы дауыс беруге құқылы. Салау учаскелерінде талапқа сай жағдай жасалған. Ерекше қажеттілігі бар тұрғындар дауыс беруі үшін пандус, жеделсаты, арнайы компьютерлер бар. Жеке кабиналар орнатылған. Облыста 18 жасқа толған 21 мыңнан астам мүгедектігі бар азамат тұрады. 768 адам жүріп-тұруы қиын азаматтар санатына жатады. Олар үшін дауыс беру орнына кедергісіз жетуге инватакси қызметі қарастырылған. Біз 595-ші сайлау учаскесінен тікелей байланысқа шығып тұрмыз. Сайлау учаскесінің төрағасы Қанат Сәдуақастан сұхбат алған едік.
Эльмира Кәленова, тілші:
Өңірде сайлаушылардың өз таңдауын еркін әрі кедергісіз жасауына барлық мүмкіндік қарастырылған. Дауыс беру учаскелерінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік те қамтамасыз етілген. Алла, сөз кезегі өзіңізде
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16