СҚО-да мүгедектігі бар балаларға қолдау көрсетудің жаңа тәсілі енгізіледі
Солтүстік Қазақстанда мүгедектігі бар балаларды сүйемелдеудің жаңа тәсілі енгізіледі. Бұдан былай балаларға әлеуметтік қызметкермен бірге бейінді мамандар да қашықтан кеңес бере алады. Алғашқы кезеңде 180 балаға дейін қамтылып, әрқайсысымен жеке жұмыс жүргізіледі. Қажет болған жағдайда логопед, психолог, оңалту дәрігері және басқа да мамандар арнайы цифрлық платформа арқылы тапсырмалар мен ұсыныстарын жолдайды. Мамандар кері байланыс арқылы қызмет түрлерінің нәтижесін де бақылап отырады. Бұл әсіресе шалғай ауылдардағы отбасыларға тиімді. Өйткені маманнан кеңес алу үшін орталыққа барудың қажеті азаяды. Жауаптылар жаңа жүйе үйде көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерді алмастырмайды, керісінше оны толықтыратынын айтады.
Асқарбек Ертаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
Қыркүйек айынан бастап жоба іске қосылады. Жалпы мерзімі ақпан 2027 жылға дейін жоспарлануда. Аяқталғаннан кейін талдау жасап, жан-жақтан пысықтап, әрі қарай барлық аймақтарда іске асыруға жоспарлаймыз.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16