Басты Жаңалықтар Сайлау күні дауыс берушілерге жағдай жасалады

Сайлау күні дауыс берушілерге жағдай жасалады

Батыс Қазақстан облысына барған Орталық сайлау комиссиясының өкілдері сайлауға дайындық барысымен танысты.

Алдымен, Подстепное мектебінде орналасқан сайлау учаскесінде болып, дауыс беру кабиналарын, жәшіктерді және ақпараттық стендтерді қарап көрді. Сайлау күні инклюзивті ортаны қалыптастырудың маңызы зор. Оның ішінде пандустар, тактильді жолақтар мен мүгедектігі бар жандарға арналған арнайы орындар қарастырылуы тиіс. Комиссия хатшысы учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған семинарға да қатысты. Ал облыс орталығында өткен кеңесте мемлекеттік орган өкілдерімен кездесіп, Құрылтай сайлауын әзірлеу және өткізу мәселелерін пысықтады. Аймақта 488 учаскелік сайлау комиссиясы бар. Онда 3200-ден астам комиссия мүшесі жұмыс істейді. Облыс бойынша дауыс беру құқығы бар 452 мыңнан астам азамат тіркелген.

Шавхат Өтемісов, ҚР орталық сайлау комиссиясының хатшысы:

Батыс Қазақстан өңіріне келер болсақ, таңертең арнайы учаскелік комиссия мүшелеріне арналған семинарға қатысып шықтық. Семинар жақсы деңгейде ұйымдастырылған. Алдыңғы бастауларында өзіміз тест өткіземіз білімін тексеріп. Содан соң семинар аяқталғаннан кейін шығыс тестін өткіземіз. Нәтижелері жақсы болып шықты. Яғни, жұмыс жақсы жүргізілген.
Бөлісу