Басты Жаңалықтар Қазақстанда апта ішінде әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеді

Қазақстанда апта ішінде әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеді

Қазақстанда апта ішінде әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеді

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы 5 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеген.

Есепті аптада қияр 2,4%-ға, ақ қырыққабат 2,1%-ға, қызанақ пен картоп 1,7%-ға арзандаған. Сондай-ақ сүйексіз сиыр еті (0,4%), алма (0,3%), қарақұмық жармасы (0,2%) және қаймақтың (0,1%) бағасы төмендеген.

Ал бірінші сұрыпты ұннан пісірілген нан, сүйекті сиыр еті, тауық еті, ет фаршы, сүзбе, айран және шай бағасы өткен аптамен салыстырғанда өзгеріссіз қалған.

Өңірлер бойынша ең жоғары баға төмендеуі Шымкентте (-0,4%) тіркелді. Сондай-ақ Павлодар мен Талдықорғанда (-0,2%), Ақтөбе, Көкшетау, Қонаев және Қостанайда (-0,1%) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары арзандаған. Алматы, Ақтау, Атырау, Жезқазған, Өскемен, Қарағанды, Петропавл және Тараз қалаларында баға деңгейі өзгермеген.

Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, республика бойынша қиярдың орташа бағасы – килограмына 483 теңге. Ең арзан қияр Шымкентте (321 теңге), ал пияз Түркістанда (138 теңге) және Қызылордада (164 теңге) сатылған. Ақ қырыққабаттың ең төмен бағасы Түркістанда – килограмына 143 теңге болса, қызанақ ең арзан Таразда (310 теңге), сондай-ақ Шымкент пен Түркістанда (324 теңге) тіркелген.


Бөлісу