Басты Жаңалықтар Сайлау бюллетенінің үлгісі жарияланды

Сайлау бюллетенінің үлгісі жарияланды

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлауға арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін таныстырды. Сайлау парағы екі жақты, А4 форматында, көгілдір түсті болады. Бірінші бетінде Қазақстанның Мемлекеттік Елтаңбасы мен бюллетень атауы, екінші бетінде жеребе нәтижесіне сай саяси партиялардың атауы және «Бәріне қарсымын» жолы орналастырылады. Айта кетейік, республика бойынша сайлаушылар тізіміне 12 605 788 адам енгізілген. 1 пайыздық резервті қоса есептегенде, барлығы 12 731 847 бюллетень дайындалады. Дауыс беру құжаты учаскелік комиссияларға сайлауға дейін 1–3 күн бұрын жеткізіледі.


Бөлісу