Жыл басынан бері 4500 самокат жүргізушісіне айыппұл салынды
Жыл басынан бері Алматыда жол қозғалысы ережесін бұзған 4500 электрлі самокат жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Биыл олардың қатысуымен 74 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 79 адам жарақат алған. Осыған байланысты полиция бақылауды күшейтіп, қала көшелерінде профилактикалық рейдтер өткізіп жатыр.
Тексеру барысында тәртіп сақшылары жалға берілетін самокаттарды жол жиегіне немесе жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтіретін жерлерге қалдырған компаниялардың өкілдеріне ескерту жасады. Сондай-ақ жол ережесін бұзған жүргізушілерді де анықтап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қанат Байбураев, Қалалық ПД арнайы мамандырылған батальонының аға инспекторы:
Шлем дейміз ғой, басына киетін және бір самокатқа екі адам отырып, жаяу жүргіншілер өтетін жерден тоқтамай өтіп кетеді. Жолға шығып кететіндерді біріншіде біз ескертеміз. Екіншісінде айыппұл салып береміз. 615 баптың 1-тармағы және 620 баптың бірінші тармағымен.
Полицейлердің айтуынша, құқықбұзушылықтардың басым бөлігі кәмелетке толмағандардың самокатты бақылаусыз пайдалануынан болған. Ал 1 шілдеден бастап күшіне енген жаңа талаптардан кейін көшедегі тәртіптің жақсарғанын самокат жүргізушілерінің өздері де айтып отыр.
Жаңа талаптар енгізілгелі алып шаһар көшелерінде самокаттардың азайып, жол қозғалысының айтарлықтай реттелгенін тұрғындар да аңғарған.
1 шілдеден бастап жалға берілетін электрлі самокаттарды 18 жасқа толған, жүргізуші куәлігі бар және жеке басы электронды түрде расталған азаматтар ғана жүргізе алады. Ал полиция жол қозғалысы кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Мұндай профилактикалық шаралар Алматыда алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шолпан-Ата қаласына сапармен барады
31.07.2026, 10:17
Ресейде қазақ тілі міндетті пән ретінде оқытыла бастады
31.07.2026, 10:07
Трамп: Палестиналық топтар қаруын тастауға келісті
31.07.2026, 10:06
Қазақстан алтын сатып алу бойынша көшбасшы елдердің қатарына енді
31.07.2026, 10:05
Испанияға жүздеген мигрант басып кірді
31.07.2026, 10:05
Су үнемдеу технологиясына қолдау күшейеді
31.07.2026, 10:04
Әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан Алматы облысының тұрғыны жауапқа тартылды
31.07.2026, 10:03
Қоршаған ортаны таза ұстаудың маңызы түсіндірілді
31.07.2026, 10:01