Жалған құжатпен зейнетақы алғандар анықталды
Алматыда жалған құжатпен зейнетақы алғандар анықталды.
Бұл туралы қалалық Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті хабарлады. Мамандар 7 мыңнан астам зейнетақы ісін тексеріп, 82 адамның жалған құжат тапсырғанын анықтады. Соның салдарынан мемлекеттен 108 млн теңгеден астам қаражат заңсыз төленген. Қазір оның 70 млн теңгесі бюджетке қайтарылып, қалған 38 млн теңгені өндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Мамандардың айтуынша, жасанды интеллект еңбек кітапшалары мен архивтік мәліметтерді салыстыру арқылы сәйкессіздіктерді анықтап, заңбұзушылықтарды әшкерелеуге мүмкіндік берген.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмолалық шаруалар «Starlink»-ке қосылып жатыр
29.10.2026, 13:15
Түркістан облысында мақта өңдейтін 2 зауыт іске қосылған
29.10.2026, 13:14
Сарапшы: Экономикалық әлеует артады
29.10.2026, 13:12
Транскаспий дәлізін дамыту – стратегиялық қадам
29.10.2026, 13:10
Теміржол апатынан қаза тапқандар 68-ге жетті
29.10.2026, 13:08
Президенттік сайлауда жеңілген Болсонару отбасымен АҚШ-қа кетіп қалды
29.10.2026, 13:07
Қазақстан Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорына өтінім жолдады
29.10.2026, 13:05
Логистикалық инфрақұрылым – экономиканың қозғаушы күші
29.10.2026, 13:03