Ыстық салдарынан денсаулығы нашарлағандар көбейді
Елімізде аптап ыстықтың салдарынан денсаулығына шағымданғандар көбейді. Мамандар Орталық Азияда ауа температурасының көтерілу қарқыны әлемдік орташа көрсеткіштен екі есеге дейін артқанын айтады. Соның салдарынан Қазақстанда да климаттың өзгеруі халық денсаулығына тікелей әсер ете бастаған. Биыл маусым айында ғана артериялық гипертония бойынша шұғыл емделген науқастар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 26 пайызға артқан. Бұл өсім барлық жас санатында тіркелгенімен, әсіресе, еңбекке қабілетті 18 бен 59 жас аралығындағы тұрғындар арасында жиі байқалған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аптап ыстық жүрек-қан тамырлары, тыныс алу жүйесі және созылмалы аурулары бар адамдар үшін аса қауіпті екенін ескертеді. Ал дәрігерлер күннің ең ыстық уақытында сыртта ұзақ жүрмеуге, көбірек су ішуге, әсіресе, балалар мен қарттардың жағдайына ерекше мән беруге кеңес береді. Себебі, алдағы үш күнде көп өңірде күннің ыстығы сақталады.
Ақерке Манасбекова, дәрігер-терапевт:
Яғни, бір мен кешкі сағат бес аралығында көбінесе далада көп жүрмеуге кеңес беріледі. Аузы құрғап, әлсіздік және дене бұлшықеттерінің құрысуы, болмаса дене температурасының жоғары немесе түсуі, қан қысымының жоғарылауы, қан қысымының төмендеуі сондай белгілер болатын болса бұл күн өтудің белгілері болып табылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы