БҚО-да 116 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
Батыс Қазақстан облысында ғарыштық бақылау барысында 116 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды.
Ең көп рұқсат етілмеген тұрмыстық қалдық орындары Бәйтерек, Теректі, Бөрлі аудандары мен Оралда тіркеліп отыр. Күні бүгінге 84 заңсыз үйінді жойылған. Облыстық Экология департаментінің мамандары тұрақты түрде мониторинг жасайды. Уәкілетті мемлекеттік орган өкілдерімен рейдке шығады. Тазалыққа бей-жай қарамайтын тұрғындар да заңсыз қалдық төгілгенін көрсе, жергілікті органдарға жүгініп, өтініш бере алады. Сондай-ақ «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында да заңсыздықты жоюға бағытталған іс-шаралар өтіп тұрады.
Мұрат Ермекқалиев, облыстық Экология департаментінің басшысы:
Ағымдағы жылдың сәуір-шілде айлары аралығында Орал қаласында, сондай-ақ Бәйтерек және Теректі аудандарының аумағында өткізілген 14 рейд барысында 31 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталып, кейіннен оларды жергілікті атқарушы органдар толығымен жойды.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық өнердің ұстаханасы жаңартылады
27.07.2026, 20:58
Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
27.07.2026, 20:56
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
27.07.2026, 20:06
«Болашақ ойындары – 2026»: Халықаралық командалар Астанаға жинала бастады
27.07.2026, 20:04
Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста
27.07.2026, 20:03
«Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғи аумақтар тазартылды
27.07.2026, 20:02
Маңғыстаудың жартас мешіттері Дүниежүзілік мұралар тізіміне қосылды
27.07.2026, 20:01
«Қазатомөнеркәсіп» ҰК 27 кен орнында уран өндіреді
27.07.2026, 19:56