БҚО-да 56 млн теңге жымқырған мердігерлер сотталды
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында жол жөндеуге бөлінген 56 млн теңгені жымқырған мердігерлер сотталды.
Үш жыл бұрын Жымпиты ауылындағы 3 көшені жөндеу үшін 259 млн теңгенің келісімшарты жасалады. Мердігер мекемелер - «Сапақ» өндірістік кооперативі мен «Ақ-Би» серіктестігі жұмыстың едәуір бөлігін мүлдем орындамаған. Бірақ тапсырыс беруші тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы мемлекеттік бюджеттен төлем жүргізген. Нақты орындалған жұмыс құны 127 млн теңге болса, орындалмаған жұмыс құны 56,5 млн теңгеден асып кеткен. Сот кооператив директоры мен серіктестік басшысын 8 жылға, ал тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысын 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім кесті.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмолалық шаруалар «Starlink»-ке қосылып жатыр
29.10.2026, 13:15
Түркістан облысында мақта өңдейтін 2 зауыт іске қосылған
29.10.2026, 13:14
Сарапшы: Экономикалық әлеует артады
29.10.2026, 13:12
Транскаспий дәлізін дамыту – стратегиялық қадам
29.10.2026, 13:10
Теміржол апатынан қаза тапқандар 68-ге жетті
29.10.2026, 13:08
Президенттік сайлауда жеңілген Болсонару отбасымен АҚШ-қа кетіп қалды
29.10.2026, 13:07
Қазақстан Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорына өтінім жолдады
29.10.2026, 13:05
Логистикалық инфрақұрылым – экономиканың қозғаушы күші
29.10.2026, 13:03