Қазақстан аумағында заңсыз жұмыс істеген онлайн-казино қызметі тоқтатылды
Қазақстан аумағында заңсыз жұмыс істеген онлайн казиноның қызметі тоқтатылды. Ойын платформа Грузия аумағынан басқарылғаны анықталды. Онда 20 мыңнан астам пайдаланушы тіркелген. Заңсыз онлайн-казино тәулік бойы жұмыс істеп, қатысушыларға онлайн-покер форматында ақша тігуге және ұтысты қолма-қол ақшаға айналдыруға жағдай жасаған. Жаңа ойыншыларды тарту үшін ұйымдастырушылар әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы жарнама жасаған. Сонымен қатар қалмыстық топ жүйелі түрде «дропперлердің» банк шоттарын пайдаланып келген. Ол үшін Қазақстанға шетел азаматтарының келуін қамтамасыз етіп, олардың атына банк карталары мен мобильді банкинг қызметін рәсімдеген.
Ернар Тайжан, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі:
Ойыншылардан түскен қаражат көлемі 7,5 млрд теңгеден асты. Сот санкциясымен Алматы қаласындағы пәтерге, үш автокөлікке, сондай-ақ дропперлердің банк шоттарындағы 158 млн теңге көлеміндегі ақша қаражатына тыйым салынды. Тергеу жалғасуда.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16