Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысы Камбоджа Премьер-министрімен кездесті

Мемлекет басшысы Камбоджа Премьер-министрімен кездесті

Осы конференция аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Камбоджа Премьер-министрі Хун Манетпен кездесті. Мемлекет басшысы Қазақстан Камбоджамен берік достыққа және өзара құрметке негізделген серіктестікті жоғары бағалайтынын жеткізді. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымаққа тың серпін беру үшін әлеует мол екенін атап өтті. Тауар айналымын арттыратын перспективті бағыттар қатарында ауыл шаруашылығы, тоқыма өндірісі, туризм, құрылыс, тағам өнеркәсібі, көлік-логистика салалары бар.

Президент Таиланд премьер-министрімен кездесті

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Таиланд Премьер-министрі Анутин Чарнвиракулмен де кездесу өткізді. Президент Қазақстан Таиландты Азиядағы басты серіктестердің бірі ретінде қарастыратынын атап өтті. Биыл төрт айда тауар айналымы былтырғы жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 76 пайызға ұлғайып, 110 миллион доллардан асқан. Қасым-Жомарт Тоқаев осы көрсеткішті әлі де арттыра түсуге болатынын атап өтті. Әсіресе, сауда-саттық көлемін аграрлық өнімдерді жеткізу есебінен ұлғайтуға мол мүмкіндік бар.

Бөлісу