400-ден аса шетелдік жүргізуші жауапкершілікке тартылды
Жетісу облысында соңғы бес айда жол ережесін бұзған шетелдік нөмірлі 400-ден астам көлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға жалпы 28 миллион теңге айыппұл салынды. Ал 33 жүргізушінің берешегі 1 миллион теңгеден асқан. Бұған дейін шетелдік нөмір таққан көліктердің жүргізушілерін жауапқа тарту қиын еді. Сондықтан олардың бірқатары айыппұл төлемей, ел аумағынан шығып кететін. Енді мұндай жүргізушілер жауапкершіліктен жалтара алмайды. Себебі олардың деректері арнайы базаға енгізіліп, шекарадан қайта өткенде айыппұл өндіріледі.
Аспандияр Ғазизов, облыстық прокуратураның аға прокуроры:
Бірлескен әрекеттердің әсерімен құқық бұзушылық анықталғаннан кейін көлік құралының иесі анықталады. Айыппұл төлеу туралы нұсқама рәсімделеді. Ал мемлекеттік шекараны қайта кесіп өткен жағдайда, ол құқық бұзушыға табысталады. Төленбеген айыппұл болған жағдайда, полиция оны өндіріп алу шараларын қабылдайды.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17
Қазақ өнерінің жарқын жұлдыздарына құрмет көрсетілді
12.09.2026, 20:15
Алматыда «Ақбала» балетінің премьерасы өтті
12.09.2026, 20:13
Өнерлі әулет туындыларын ұлттық нақышпен ұштастырып отыр
12.09.2026, 20:11
Қызылордалық суретші шыныдан картина салады
12.09.2026, 20:09
Сауд Арабиясында негізгі мұнай құбыры жабылды
12.09.2026, 20:07
Ресейдің 20 өңірінде орман өрті дес бермей тұр
12.09.2026, 20:07
Түркістан облысында 1,16 млн гектар жер суарылды
12.09.2026, 20:06