Петропавлдағы жылу желілері жаңартылады
Петропавл қаласындағы жылу желілерінің 80 пайызы тозған. Құбырларды жаңарту мақсатында Үкімет резервінен 650 млн теңге жуық қаржат бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды. Былтыр 700 метр желі ауыстырылған болатын. Биыл 1,4 шақырым құбыр жаңаланбақ. Жұмыс толық аяқталғаннан кейін ұзындығы 2 шақырымнан асатын 2-жылу магистралі толық жөндеуден өтеді. Бұл – инженерлік инфрақұрылым саласындағы маңызды жобалардың бірі. Жылу желілерін жаңарту – қаланың коммуналдық жүйесіндегі апаттық жағдайлардың алдын алуға, жылу беру сапасын арттыруға және желілердің жалпы тозу көрсеткішін төмендетуге ықпал етеді.
Бердімұрат Баймұқан, Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің баспасөз хатшысы:
Қаланың орталық бөлігінде орналасқан тұрғын үйлер, мемлекеттік мекемелер, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарын қоса алғанда 200-ден астам нысан тұрақты жылумен қамтамасыз етіледі. Құрылыс жұмыстары бірнеше учаскеде қатар жүргізіліп жатыр. Жобаны 2026 жылдың қараша айында аяқтау жоспарланып отыр.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16