Ел жаңалықтарына шолу
Мұрағатшылар мен ветеринарлардың жалақысы өседі
Мұрағат ісі мамандары мен ветеринарлардың жалақысы өседі. Үкіметтің қосымша
төлемдер мен үстемақы төлеу туралы қаулысы күшіне енді. Енді аталған
мамандардың еңбек жағдайы ескеріліп, оларға заңды түрде арнайы қосымша ақы
беріледі. Ал ауылда жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбекақысы кем дегенде 25
пайызға көбейеді. Оның нақты көлемін жергілікті мәслихаттар бекітеді. Сала
мамандары өскен айлықты тамыз айының басында алады.
Сатып алу құқығымен берілетін пәтерлерге өтінім қабылдай бастады
Қарағанды облысында сатып алу құқығымен берілетін жалдамалы тұрғын үйге өтінім
қабылдау басталды. Бағдарламаға өңір бойынша үйге мұқтаждар есебінде тұрған
азаматтар мен әкімдік қызметкерлері қатыса алады. Басты талап: атында соңғы 5
жылда үй болмауы керек. Сонымен берге, несие тарихы таза болуы шарт. Кем
дегенде соңғы 6 ай бойы бір жерде жұмыс істеуі тиіс. Табысты растау қажет
болады. Жалдау ақысы айына 60 мыңнан 146 мың теңге аралығында. Келісімшарт
мерзімі - 20 жыл. Десе де баспананы мерзімінен бұрын сатып алуға болады.
Барлығы 250 пәтер беріледі. Олар Саран қаласындағы Химик шағын ауданында
орналасқан. Өтінім 17 шілдеге қабылданады.
Оқушылар физикадан беделді олимпиадаға қатысуда
Қазақстандық оқушылар физикадан ең беделді халықаралық олимпиадаға қатысып
жатыр. Білім бәйгесі Колумбияның Букараманга қаласында өтуде. Зияткерлік жарыс
12 шілдеге болады. Биыл оған 90 елден 400-ден астам үздік жас физик бақ сынап
жатыр. Олимпиада аясында қатысушылар теориялық және эксперименттік кезеңдерден
өтіп, күрделі физикалық есептерді шығарады. Сондай-ақ, зертханалық жұмыстарды
орындайды. Ел намысын астаналық 5 оқушы қорғайды.
ХОК 2030 жылғы олимпиада бағдарламасын бекітті
Халықаралық Олимпиада комитеті 2030 жылы Францияда өтетін қысқы Олимпиаданың бағдарламасын
бекітті. Бұл жолы жарысқа синхронды мәнерлеп сырғанау мен фрирайд, сияқты
бірнеше жаңа спорт түрі қосылды. Ал көрермені азайып, танымалдығы төмендеген
шаңғы қоссайысы байрақты бәсекенің бағдарламасына енгізілмеді. Жаңа ереже
бойынша тарихта алғаш рет ерлер мен әйелдер арасындағы спортшылар саны тең
болады. Сондай-ақ 16 медаль жиынтығы қосылып отыр.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сарапшылар пікірі: Құрылтай сайлауы жаңа саяси модельді нығайтады
08.07.2026, 18:44
ӘЧ – 2026: Аргентина ширек финалда
08.07.2026, 17:39
Сырдария бойындағы егістік алқаптардың интерактивті картасы дайын болды
08.07.2026, 17:37
Шымкенттік жастар Абай саябағын тазалады
08.07.2026, 17:35
Фейкпен күрес туралы ақпараттар NoFake Telegram арнасына жинақталды
08.07.2026, 17:30
AI-Sana: Студенттер 400-ден астам жоба ойлап тапты
08.07.2026, 17:27
MedHub HAQ бағдарламасы іске қосылды
08.07.2026, 17:25
ЖСДП Құрылтай сайлауына кандидаттарын бекітті
08.07.2026, 17:22