Басты Жаңалықтар Сарапшылар пікірі: Құрылтай сайлауы жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар пікірі: Құрылтай сайлауы жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар пікірі: Құрылтай сайлауы жаңа саяси модельді нығайтады

Бүгін Астанада «Құрылтай сайлауы: конституциялық негіздер және саяси трансформация» атты сараптамалық талқылау алаңы өтті. Сараптамалық алаңға қатысушылар алдағы Құрылтай сайлауының конституциялық негіздерін, жаңа саяси модельдің жұмыс істеу ерекшеліктерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын іске асырудағы саяси партиялар мен қоғамдық бақылаудың рөлін талқылады. Сараптамалық алаңның екінші бөлігінде партиялық жүйенің трансформациясы, партиялық құрылыстың дамуы, саяси өкілдіктің сапасын арттыру, партиялардың әртүрлі әлеуметтік топтармен өзара іс-қимылы, сондай-ақ қазіргі медианың және саяси мәдениеттің сайлау үдерістеріне ықпалы талқыланды. Қорытынды талқылау барысында сарапшылар Құрылтайға алғашқы сайлаудың табысты өтуі қоғамдық сенімді нығайтуға, демократиялық институттарды одан әрі дамытуға және Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының қағидаттарын іске асыруға маңызды үлес қосатынына сенім білдірді.

Бөлісу