Шымкенттік жастар Абай саябағын тазалады
Шымкентте «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына ерікті жастар, экобелсенділер мен тұрғындар белсене қатысты. Табиғат жанашырлары әуелі қалдықсыз қала тақырыбы аясында пікір алмасты. Жиыннан соң 50-ден астам адам Абай саябағын тұрмыстық қалдықтан тазартып, аумақты ретке келтірді. Жиналған пластик пен бөтелкелерді сайрамдық кәсіпкер Владислав Голяркоға тапсырды. Ол қоқысты сұрыптап, өңдеуші зауыттарға өткізеді. Тіпті мектептер мен көпқабатты үй аулаларына арнайы контейнерлер де орнатқан. Қалдықтарды әкеп өткізген қала тұрғындарына ол ақы төлейді.
Владислав Голярко, экобелсенді, кәсіпкер:
Қайта өңдейтін материалды қабылдайтын цех бар. Біз макулатура, шыны, пластик қабылдап, зауыттарға өткіземіз. Ал қалдықтарды тапсырғандарға ақша төлейміз.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00