Халық пікірі: Конституциялық өзгерістерден қандай жаңашылдық күтесіз?
Иә, бүгіннен бастап, елімізде жаңа Конституция күшіне енді. Жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданған Ата заң елдің саяси жүйесін жаңғыртуға, мемлекеттік басқару құрылымын жетілдіруге және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын одан әрі нығайтуға бағытталған. Конституциялық өзгерістер қоғам өміріне қандай жаңашылдық әкеледі? Тұрғындар пікірін білген едік.
Менің ойымша Халықтық Конституция бұл – халықтың құқығын қорғауға және елдегі әділеттілікті нығайтуға көмектеседі. Сондай-ақ біз секілді жастарға қоғамдағы саяси шешімдерге белсенді араласуға мүмкіндік береді деп ойлаймын. Сондай-ақ жастардың болашақта білім алуына, өз жобаларын таныстыруына жақсы жол ашады деп ойлаймын.
Жаһандық өзгерістердің талап етіп отырған сұраныстарына жауап беретін осы нормативтік құжаттың енгізілуі, баршамыз үшін үлкен жаңалықтарды, үлкен инновациялық жетістіктерді, үлкен бағыттарды ашатыны әйгілі.
Ғылым, білім мәдениет еліміздің басты құндылықтары ретінде айқындалған, сонымен қатар, ғылымды дамыту мемлекет қызметінің басты стратегиясы ретінде көрсетілген. Осы қолауды бәрі – ғылымға жастардың көптеп келуіне, ғылымның одан әрі дамуына әсер етеді. Менің өзім де биыл жергілікті университеттің магистратурасын тәмамдап отырмын. Және әрі қарай осы ізденісімді жалғастыруға ниеттімін.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16