Мемлекет басшысы Таиланд Премьер-министрінің орынбасарымен кездесті
Мемлекет басшысы Таиланд Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Сихасак Пуангкеткеомен кездесті. Мәртебелі мейманға ілтипат білдіре отырып, Мемлекет басшысы оның елімізге сапары Қазақстан мен Таиланд арасындағы қарым-қатынастың дамуына тың серпін беретінін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты сауда-экономикалық байланыс нығайып келе жатқанына да тоқталды. Бұған өзара визасыз режим, туристер ағыны және іскерлік байланыстардың кеңеюі септігін тигізді. Өз кезегінде Сихасак Пуангкеткео қонақжайлық танытқаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Таиланд Үкіметі Қазақстанмен сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді. Кездесу соңында Мемлекет басшысы Таиланд Премьер-министрі Анутин Чарнвиракулді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырып, ізгі сәлемін жолдады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы