Қандыағаш қаласында астан уланған адамдар 113-ке жетті
Ақтөбе облысының Қандыағаш
қаласында астан уланған тұрғындар саны 113-ке жетті. Олардың барлығы бір
мейрамханаға тойға, асқа және өзге де себептермен барған.
Естеріңізде болса, бұған дейін ішек инфекциясымен 102 адамның ауруханаға
түскенін хабарлаған едік. Соңғы екі тәулікте тағы 11 адам медицина
мекемелерінің көмегіне жүгінген. Санитарлар мейрамхана мәзіріндегі тамақтардан
сынама алып, зертханаға жіберді. Ал Полиция департаменті санитариялық
қағидаларды, гигиеналық нормативтерді бұзу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу
басталғанын хабарлады.
Айгүл Аманжолова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
Қандыағаш қаласындағы «Тұмар» мейрамханасына барған азаматтар арасында ішек инфекциясы жағдайларының тіркелуіне байланысты эпидемиологиялық тексеру жалғасуда. Ауруханаға жатқызылған науқастардың жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде, кейбір науқастарда жағдайларының жақсаруы байқалады. Қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
HackAlem AI қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты
24.09.2026, 09:43
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18