Жаяу адамды қағып кеткен әйелге сот үкімі шықты
Көкшетау қаласында көпқабатты үйдің ауласында жаяу адамды көлікпен қағып кеткен әйел екі жарым жылға сотталды.
Қайғылы оқиға мамыр айында тіркелген еді. Әйелдің жүргізуші куәлігі болмаған. Жәбірленуші ауыр жарақаттан ауруханада қайтыс болды. Айыпталушы кінәсін толық мойындады. Ол сотта күйеуінің денсаулығы күрт нашарлауына байланысты рөлге отыруға мәжбүр болғанын айтқан. Құжаты жоқ адамға көлігін бергені үшін иесіне қатысты жеке қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленуші тарап моральдық шығын толық өтелгенін мәлімдеді. Айыпталушының екі кішкентай баласы бары ескеріліп, жазаны өтеу 3 жылға кейінге қалдырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16