Цифрландыру: Қызмет көрсету сапасы артады
Енді eGov, e-Otinish, Aitu мессенджері сынды цифрлық сервистер интернеттің теңгерімі нөл болса да, қолжетімді болады. Телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша Заң қабылданды. Құжат Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында әзірленген және Мемлекет басшысының үш жыл ішінде толыққанды цифрлық ел құру жөніндегі стратегиялық міндетін іске асыруға бағытталған. Сондай-ақ, ұялы байланыс сигналының жұмысына кедергі келтіруі мүмкін репитерлер мен сигнал күшейткіштерін елге әкелуге шектеулер енгізіледі. Мұндай құрылғыларды импорттауға тек байланыс операторларына ғана рұқсат беріледі. Заң телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға да көңіл бөледі. Азаматтарды телефон алаяқтарынан қорғау үшін заңды тұлғалардан келетін қоңырауларды міндетті түрде таңбалау жүйесі енгізіледі. Бұл тұрғындарға ресми қоңырауларды алаяқтардың қоңырауларынан ажыратуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы