Басты Жаңалықтар Күніне 20 науқасқа операция жасайтын дәрігер Петропавлда тұрады

Күніне 20 науқасқа операция жасайтын дәрігер Петропавлда тұрады

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жүрек-қан тамырлары аурулары әлем бойынша өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі. Бұл мәселеде ауруды дер кезінде анықтап, дереу емдеу өте маңызды. Ол  міндет ең әуелі интервенциялық кардиологтарға жүктеледі. Петропавлдық дәрігер Дәурен Қожабеков күніне орта есеппен 20 науқастың жүрек қан-тамырларына түрлі операция жасайды. Соның арқасында инфаркт, инсульт сынды аурулардың алдын-алуға, тіпті адам өмірін ұзартуға болады.

Дәурен Қожабеков, интервенциялық кардиолог:

2022 жылы бітірдім оқуды, Алматыда Асфендияров унивеситетінде 10 жыл оқып, Петропавл қаласына келіп, осы жерге жұмысқа тұрдым. Содан бері осы жерде жұмыс жасап жатырмын. Кәзіргі таңда 6 мың – 6500-ге жуық осындай операция жасап тастадым. Науқасымыз бүгіндікке 4-ші адам. Суткасына жоспарлы негізі 15-20 адамға дейін жасалынады. Жасы - 77-де. 3 жыл алдын болған, жүректің тамырына стент қойылған. Жүректің шағымына, ауру сезімі мазалағаннан кейін тағы келіп тұр.

Гүлбаршын Рахымова, емделуші:

Стент қойды бір рет, бәр жақсы болды, содан кейін осы бір айдай қайыра ауырып қадым, жақсы қарап жатыр, біз сияқты кәрілерді емдеп, кішкене өмірімізді кішкене жалғастырып.

Дәурен Қожабеков, интервенциялық кардиолог:

Әйелім акушер-гинеколог. Перинаталдық орталықта жұмыс істейді. Осы айдан декретте. Көкем – профессор, тоже жүректің дәрігері, Алматыда. Әкем, шешем мектепте жұмыс істеген. Мектептің адамы. Өзім ауылдық жерден шыққам, қарапайым отбасыдан.

Дәурен Қожабеков, интервенциялық кардиолог:

Костюмнің салмағы 12-17 килограмм. Осыны киіп тұрамыз, сағатап. Кей кезде 3-4 сағат болады, кей кезде 1 сағат болады. Науқастың жағдайына байланысты, қан тамырына байланысты. Организм үйреніп кеткен ғой, осылай, өзіміздің таңдаған, сүйікті, армандаған мамандығымыз. Әрбір адамға көмектесу, алғысын алу, соның өзі бізге бір қуаныш.

Мұрат Қасымов, реаниматолог-анестезиолог:

Жақсы дәрігер, жақсы кардиолог, рентген воскулярлы хиругрг. Бірге істеп жатьқанымызға 4 жыл болды. Адам ретінде енді жақсы, дос, жігіт.

Дәурен Қожабеков, интервенциялық кардиолог:

Соғып тұрған жүрекке жұмыс істуе өте қиын, миллиметр лишнйи движение ол адамның өмірін шешіп кетуі мүмкін. Сол үшін де операцияға кіретін кезде ештеңке ойламаймыз. Баста тек адамға көмектесу. Басқа кез-келген проблема болсын, өмірде болсын, отбасыда болсын, ештеңе ойламаймыз. Тек жұмыс. 


Бөлісу