Петропавлда тәртіп сақшысы 2 баланы аман алып қалды
Петропавлда полиция қызметкері 5-қабатта ашық терезенің алдында ойнап отырған екі баланы аман алып қалды.
Полиция подполковнигі Ержан Тамышев жұмыстан кейін үйіне бара жатып, бесінші қабаттағы терезе алдында ойнап отырған екі кішкентай баланы байқап қалған. Ол дереу «102» қызметіне хабарласып, өзі пәтерге көтеріледі. Балалардың әкесі үйде ұйықтап жатқан, ал анасы дүкенге кеткен. Екеуі де мас күйде болғаны анықталды. Балалардың үлкені 4, кішісі 3 жаста. Олар бейімдеу орталығына орналастырылды. Отбасыға қатысты материалдар кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия қарауына жолданады. Ерлі-зайыпты бұған дейін де бірнеше рет әкімшілік жауапкешілікке тартылған.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16