Футболдан Әлем чемпионаты қыза түсті
Футболдан АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан әлем чемпионаты қыза түсті. Бүгін Германия және Нидерланды сияқты кубоктан үмітті командалар ойындарын бастайды. Ал осыған дейін фавориттердің бірі саналған Бразилия құрамасы африкалық команда Марокконы жеңе алмады. Тең түсті. Сондай-ақ Швейцария, Түркия сияқты мықты командалар да ұпай жоғалтты. Керісінше, Қатар сияқты аутсайдер саналатын командалар ұпай алып, таң қалдырып жатыр. Ал әлем асыға күтіп отырған Лионель Месси бастаған Аргентина мен Криштиану Роналду бастаған Португалия құрамалары ойынды әлі бастаған жоқ. Айта кетейік, бұл футбол әлемін жиырма жыл «билеген» қос мықтының соңғы мундиалы. Сондай-ақ Лука Модрич, Неймар, Мануель Нойер сияқты футбол жұлдыздары да әлемдік додада соңғы рет бақ сынауы мүмкін. Яғни, футбол тарихындағы тұтас бір дәуірмен қоштасудың сәті жақындап келеді. Сондықтан жанкүйерлер үшін бұл чемпионаттың орны ерекше. Айта кетейік, тұңғыш рет үш елде өтіп жатқан әлем чемпионаты тарихтағы ең қымбат дода. Сондай-ақ биыл алғаш рет турнирге 48 құрама қатысып жатыр. Бұған дейін 32 команда бақ сынап келген. Биыл көршіміз Өзбекстан құрамасы да әлем чемпионатына барды. Ал футбол сарапшылары жеңімпаз болуға басты үміттілер деп Испания, Англия, Франция, Португалия және Аргентинаны атап отыр.
Ойындарды «Qazaqstan» және «Qazsport» арналарынан көресіздер.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы