Басты Жаңалықтар Еліміздің барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалдары құрылады

Еліміздің барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалдары құрылады

Сонымен, «Қалай болады?» деген сұрақтың нақты жауабын естідік. «Аманат» пен «Әділетті» айтамыз. Жұмада «AMANAT» партиясының кезекті XXVI съезі өткен. Бұл партия жаңадан құрылған «Әділет» партиясына қосылды.

Бүгін «Әділет» партиясының ІІ-съезі өткен, қосты.
Ең жоғары өкілетті орган сайлауына тек партиялар қатысатынын ескерсек, бұл мәселе актуалды.

Кеше «Ақ жол» партиясының съезі өткен, Азат Перуашев төрағалықтан кетті, бұл партияның ендігі басшысы - Дания Еспаева. Қазіргі Мәжіліс депутаты. 2019 жылы Президент сайлауына түскен. Осындай сайлауға қатысқан алғашқы кандидат әйел.

Аманкелді Сейтхан, тілші:

Бүгін өткен съезде делегаттар «Әділет» партиясына «AMANAT» партиясының қосылу мәселесін қарастырды.
Жиынға қатысқан  613 адамның барлығықолдап дауыс берді. «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебайбұл шешім тек құрылымдық өзгерістерменшектелмейді,оның астарында партияның алдағы даму бағытын айқындайтын мән жатыр, - деді.

 Айбек Дәдебай, «Әділет» саяси партиясының төрағасы:

«Әділет» партиясына «AMANAT»-тың қосылуы бұл тар партиялық мүддеден жоғары тұрған, ұлттық жауапкершілікке негізделген парасатты шешім. Қоғамның ел мүддесі үшін біріге алатындығының нақты дәлелі.

Съезд қатысушылары бұл шешім саяси партияларға мүшеліктің еріктілік қағидатына сәйкес қабылданып жатқанын айтты. Яғни, қосылып жатқан партияның әр мүшесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Әділет» партиясына өту туралы шешімді дербес қабылдайды. Ал жиынның негізгі акценті екі партияның бірігуіне ғана емес, жаңа саяси құрылымның алдағы бағытына қойылды. Съезде партияның өңірлік филиалдарын ашу, басқа да қоғамдық күштердің партияға қосылуы, азаматтық қоғам өкілдерімен жұмысты күшейту мәселелері айтылды.

Аманкелді Сейтхан, тілші:

Қазақстанның барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалдары құрылмақ.
Бұл партияның өңірлерде тұрақты жұмыс жүргізуіне мүмкіндік береді. Съезд қатысушылары аудандық деңгейдегі жұмысты күшейтуге деназар аударуды ұсынды. Өйткені партияның болашағы өңірлердегі жұмыстың нәтижесіне де байланысты.Сондай-ақ партия құрамын кеңейту үшін азаматтық қоғам өкілдерімен, түрлі саладағы қоғамдық ұйымдармен жұмысты күшейту мәселесі де қарастырылды.

Рауан Кенжеханұлы, «Әділет» партиясы саяси кеңесінің мүшесі:

Жаңа ғана біз съезді бастаған кезде «Әділет» партиясының құрылғаны туралы ақпарат шыққан кезде бізді қолдаған, бірден хат жіберген, 30-дан аса еліміздегі ірі қоғамдық ұйымдардың тізімін көрсеттік. Олардың басшылары бүгін біздің съезге қонақ ретінде қатысты. Біз осы ұйымдардың барлығымен қоян-қолтық бірге жұмыс істемекшіміз. Бір жағынан бізге кейбір адамдар танымал азаматтар қайда деп сұрайды, екінші жағынан сіздің сұрағыңыз жаңа азаматтар қайда? Біз осының арасында әдемі, жақсы баланс іздеу керек деп ойлаймын. Әрине, біздің ойымыз жаңару, жасару.

Партия төрағасы Айбек Дәдебайдың айтуынша, олардың ендігі міндеті жақтастары мен бүгінгі шешімдерге дауыс берген делегаттардың сенімін ақтау. Ал басты мұраты - Жаңа Конституцияның әрбір қағидасын және заң үстемдігін іске асыру. Жалпы жиында адами капиталды дамыту, білім беру саласы, заманауи технологияларды дамыту мәселелері талқыланды.

Нұрбол Сейітқалиев, «Дала қырандары» жастар қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі:

Жастар қоғамдық бірлестігі болғаннан кейін 30 өңірде бізде өзіміздің штабтарымыз  бар. Біз жастармен жұмыс істеп жатырмыз. Ойларымыз, мақсаттарымыз бір жерден шығып тұрғаннан кейін сол аясында біз жұмыс жасап жатырмыз.

Съезді қорытындылаған Айбек Дәдебай бүгін қабылданған шешімдерден кейін партия өз жолының жаңа кезеңіне қадам басады деді. Ал азаматтар ұран сөздер емес, нақты нәтиже күтетінін жақсы түсінетіндерін айтты.


Бөлісу