Ақмола облысында Есіл жағасын тазалады
Ақмола облысының Аршалы ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында Есіл өзенінің жағалауы қоқыстан тазартылды.
«Таза ел – жарқын болашақ» деп
аталған экологиялық акцияға 200-ге жуық жас қатысты. Олар өзен жағалауымен қатар іргелес аумақтағы тұрмыстық қалдықтарды да жинап шықты. Игі шара Қорғалжын және
Егіндікөл аудандарында да өтті. Бұл бастамалардың негізгі мақсаты — өзен
экожүйесін сақтау және тұрғындардың табиғатты
қорғауға деген жауапкершілігін арттыру, - дейді
ұйымдастырушылар.
Абай Бекбаев, Аршалы ауданы
әкімнің орынбасары:
Бұл мемлекет басшысының қолдауымен басталған экологиялық акция қазіргі таңда барша қазақстандықтардың экологиялық мәдениетіне айналды. Аршалы ауданының тұрғындары осы акцияға қатысып, туған өлкенің таза болуына ат салысып жүр. Әрі қарай бұл тамаша бастама өзінің жалғасын табатын болады. Себебі тазалық өз өлкеңнен, өз еліңнен, өз жеріңнен басталады.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмолалық шаруалар «Starlink»-ке қосылып жатыр
29.10.2026, 13:15
Түркістан облысында мақта өңдейтін 2 зауыт іске қосылған
29.10.2026, 13:14
Сарапшы: Экономикалық әлеует артады
29.10.2026, 13:12
Транскаспий дәлізін дамыту – стратегиялық қадам
29.10.2026, 13:10
Теміржол апатынан қаза тапқандар 68-ге жетті
29.10.2026, 13:08
Президенттік сайлауда жеңілген Болсонару отбасымен АҚШ-қа кетіп қалды
29.10.2026, 13:07
Қазақстан Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорына өтінім жолдады
29.10.2026, 13:05
Логистикалық инфрақұрылым – экономиканың қозғаушы күші
29.10.2026, 13:03