СҚО-да қаптап кеткен жібекқұрт орманды жұтатып жіберді
Солтүстік Қазақстан облысында 22 мың гектардан астам орман алқабын жұпсыз жібекқұрт зақымдады.
6 ауданда қауіпті карантиндік зиянкес ошағы табылды. Жібек құртының әрі қарай
таралуына тосқауыл қою үшін орманда химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Оған
50
млн теңгеге жуық қаражат бөлінді. Мамандардың айтуынша, осы сынды жағдай 2014
жылы тіркелген. Ағаштарды өңдеу кезеңінде орманда мал жаюға, жидек пен
саңырауқұлақ теруге болмайды. Жібек құрттар негізінен қайың мен терекке зиян
келтіреді, оның таралуын дер кезінде тоқтату орманды сақтап қалу үшін маңызды.
Өңірде 550 мың гектардан астам орман алқабы бар.
Василий Лобанчук, табиғи ресурстар
басқармасының бөлім жетекшісі:
Күзде орман алқаптарын зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жұпсыз жібек құртының ошақтары анықталды. Мамыр айының басынан химиялық өңдеу жүргізілуде. Жұмыстың басым бөлігі аяқталды. Ең көп зиян келген орман алқаптары Жамбыл және Қызылжар аудандарында орналасқан.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16