Қызылордада экологиялық мәдениетті көтеру жағы талқыланды
Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында университет ғалымдары тұрғындарға табиғат аясында дәріс оқып, жасыл желекті күтіп ұстау бойынша тәжірибесімен бөлісті.
Қаладағы Президент паркі аумағына жүзге жуық ерікті мен экобелсенділер жиналды. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруды көздейтін шарада мамандар ақыл-кеңесін айтып, көгалдандыру мен көшеттерді дұрыс егудің әдіс-тәсілін көрсетті. Сонымен қатар, қоқысты сұрыптаудың маңызы мен зиянды заттардың қоршаған ортаға кері әсері де сөз болды. Акция барысында ғалымдар өсімдік түрлеріне күтім жасауды тәжірибе жүзінде түсіндірді.
Самалбек Қосанов, Ә.Бөкейхан атындағы қазақ орман шаруашылығы ҒЗИ Қызылорда филиалының директоры:
Осындай іс-шаралардың өсіп келе жатқан жас жеткіншектерге өзінің беретін пайдасы өте зор. Қазіргі таңда өңіріміздегі проблемаларды қазірден бастап зерттеп оларға да білімдерін қалыптастыруға бұл іс-шаралардың тигізетін пайдасы өте көп.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмолалық шаруалар «Starlink»-ке қосылып жатыр
29.10.2026, 13:15
Түркістан облысында мақта өңдейтін 2 зауыт іске қосылған
29.10.2026, 13:14
Сарапшы: Экономикалық әлеует артады
29.10.2026, 13:12
Транскаспий дәлізін дамыту – стратегиялық қадам
29.10.2026, 13:10
Теміржол апатынан қаза тапқандар 68-ге жетті
29.10.2026, 13:08
Президенттік сайлауда жеңілген Болсонару отбасымен АҚШ-қа кетіп қалды
29.10.2026, 13:07
Қазақстан Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорына өтінім жолдады
29.10.2026, 13:05
Логистикалық инфрақұрылым – экономиканың қозғаушы күші
29.10.2026, 13:03