Табиғат қорғау: Қалдықты сұрыптау мәдениетін көтеру қажет
Күнделікті өмірде пайдаланатын заттар қоқысқа тасталғаннан кейін табиғатқа зиян келтіреді. Кейбірі тіпті жүздеген, мыңдаған жыл бойы толық ыдырамай, қоршаған ортаны ластайды. Мәселен шыны 1000 жылдан астам уақыт бойы ыдырамайды. Сондықтан оны қайта өңдеп, қайта пайдаланған әлдеқайда тиімді. Ал пластикалық бөтелкенің табиғатта ыдырауына 450 жылдан 1000 жылға дейін уақыт қажет. Батарея шамамен 110 жыл ыдырамайды. Оның құрамындағы ауыр металдар топыраққа және жер асты суларына түсіп, қоршаған ортаға зиян тигізуі мүмкін. Осындай ақпарат жариялаған Экология және табиғи ресурстар министрлігі тұрғындарға табиғатты қорғау үшін қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеуге тапсыруға және пайдаланылған батареяларды арнайы қабылдау орындарына өткізуге кеңес береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы