3 жылда Бибісара Асаубаеваға 700 млн теңге қолдау көрсетілген
Соңғы үш жылда шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекет тарапынан жалпы көлемі 700 миллион теңге қаржылай қолдау көрсетілген. Бұл туралы Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлімдеді. Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында ғана спортшыны қолдауға 210 миллион теңге бөлінген. Қаражат халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері мен жетістіктері үшін ынталандыру төлемдері ретінде қарастырылды. Туризм және спорт министрлігі әлеуметтік желіде жарияланған Бибісара Асаубаеваның қаржыландыруға қатысты мәлімдемесіне осылай жауап беріп отыр. Шахматшыны халықаралық жетістіктері үшін ынталандыру жүйесі тұрақты сақталды дейді мамандар.
Серік Жарасбаев, ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары:
Республикалық дамыту дерекциясы арқылы ай сайын жалақысы төленіп тұрады. Ол расында да екі жыл бұрын екі есе көп болған. Бірақ қазір азайды. Неге десеңіз, шахмат басым спорт түрлеріне кірмегеннен кейін. Былтыр қол қойған. Ол жерде 46 спорт түрі бекітілген. Осыған байланысты жалақысы сәл азайды.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
HackAlem AI қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты
24.09.2026, 09:43
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18