Таразда 538 көпқабатты үйді толық жөндеу қажет
Таразда тозығы жетіп, күрделі жөндеуді қажет ететін 538 көпқабатты үй бар. Баспаналардың басым бөлігі 50-60 жыл бұрын бой көтерген. Тіпті арасында салынғанына енді 10 жыл болған үйлер де бар. Соның бірі қала орталығындағы 84 пәтерлі «Атшабар» тұрғын үй кешені. Жеті қабатты баспананың шатырынан су сорғалап, сыртқы сылақтары сыпырылып түсе бастаған. Пәтерлерін кезінде ипотекаға алған тұрғындар жертөлесінің де жайрап жатқанын көрсетті. Жылу жүйесі, ауызсу мен кәріз құбырлары да тозып біткен. Сондықтан мемлекеттік бағдарлама бойынша жөндеп беруді сұрайды.
Баян Әбітаева, Тараз тұрғыны:
Жаңбыр, қар жауып еді төбеміз кәдімгі құлап кеткендей болды. Жауын өтіп тұр. Қанша рет шақырып, өзім жалдап, адамдарды істетіп жатырмын шатырды. Сонда да болмайды.
Қала билігі үйді жөндеуге 140 млн теңге қаржы қажет дейді. Сонымен қатар кезегін күткен басқа да
баспаналар барын алға тартты. Мәселен, алдағы жылдары былтыр кезекке қойылған 73
баспананы жөндемек. Қалғандарының
жамап-жасқалуы қаржыландыруға байланысты кезең-кезеңімен жүзеге асады.
Сұлтанмахмұд Өтешов, қала әкімдігі тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы:
50 жыл 70 жылдан асып кеткен үйлер. 80-90 пайызы тозған. Бірінші кезек осы үйлер. Атшабар 17/1 үйді 2027 жылға жоспарланды. Ол үшін біз 58 үйге жергілікті бюджеттен қаражат қарастырып, жоба сметалық құжаттарды 6,5 млрд теңгеге жасап қойдық.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03